Түркияда өткен шаңғы жарысында қазақстандықтар жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда өткен шаңғы жарысында қазақстандықтар жеңіске жетті

07.03.2024

Түркияның Кайсери қаласында өткен шаңғы жарысында қазақстандық спортшылар жеңіске жетті. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының кубогі үшін өткен сайыста 14 жастағы жасөспірімдер арасында Валерия Дубовская мен Денис Шевченко бірінші орын алды. Екінші, үшінші орындарды да қазақстандық спортшылар иеленді.

Ал ересектер арасында Всеволод Борзенков топ жарып, ТҮРКСОЙ кубогын жеңіп алды. Жасөспірімдер мен ересектер арасындағы жарыста барлығы 60-қа жуық спортшы бақ сынасты. Слалом әдісі бойынша өткен бұл бәсекеге Қазақстанмен қатар, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Солтүстік Кипр және Солтүстік Македония спортшылары қатысты.

Леонид Борзенков, жаттықтырушы:

Ең алдымен ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Балаларға Түркия да, осы шаңғы базасы да қатты ұнады. Бұл жер жаттығу жасау үшін де, жарыс өткізу үшін де өте қолайлы екен. Біз бұдан кейін осындай жарыстарға жиі келіп тұрамыз деп сенемін. 

Айдос Әшім

Хабарламаларға жазылу