Ұлыбритания Үкіметі экстремистерге қарсы күресті күшейтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания Үкіметі экстремистерге қарсы күресті күшейтеді

07.03.2024

Британ Үкіметі экстремистерге қарсы күресті күшейтпек. Ұлыбритания Премьер-Министрі Риши Сунак ұлтқа үндеу жариялап, осылай деді. «Наразылық ретінде басталған қарсылық шаралары қорқыту мен қоқан-лоққыға ұласты.

Еврей балалары өздерінің ұлттық ерекшеліктерін көрсетпеу үшін көшеде дәстүрлі киімдерін киюден қорқады, ал мұсылман әйелдер өздеріне қатысы жоқ террористік топтардың әрекеттері үшін еркін жүруден қалды», - деді премьер. Риши Сунак полицияға қосымша қолдау көрсетуге, сондай-ақ экстремизмге қарсы қатаң шараларды қолға алуға уәде берді. 

Риши Сунак, Ұлыбритания Премьер-Министрі:

Біз жастардың ақыл-ойының экстремизммен уланбауына күш саламыз. Сондай-ақ, құндылықтарымызға қол сұққысы келетіндердің босағамыздан аттауына тосқауыл қоямыз. Ішкі істер министрі өзгелерге өшіге қарайтындарды елде жүру құқығынан айырады .

Марина Бектенова

Хабарламаларға жазылу