Сәкен Бибосынов Олимпиадаға іріктеуде екінші мәрте жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәкен Бибосынов Олимпиадаға іріктеуде екінші мәрте жеңіске жетті

07.03.2024

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Италияда өтіп жатқан олимпиадалық лицензиялық турнир аясында екінші рет жеңіске жетті. Сәкеннің қарсыласы Кениялық былғары қолғап шебері Дэвид Мачария болды. Естеріңізге салайық, алғашқы жекпе-жекте отандасымыз Гонконгтан келген Кеннет Хин Чунды мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу