Әлемнің ең ірі криптовалютасы - биткоин тағы 7 пайызға қымбаттап, 67 мың доллар 645 центке саудаланды. Сейсенбі күні оның құны 69 мың доллардан асып кеткен. Бағаның қайтадан өсуіне америкалық қаржы алпауыттарының биткоинді сатып алуға миллиардтаған қаржы құюы себеп. КоинГеко криптовалюталық платформасының дерегінше, осы айда айналымда жүрген барлық биткоинның жалпы құны - 2 триллион долларға жеткен.
Арыстан Рысбек