Алматыдағы Сейсмология институтының жағдайы мүшкіл. Қызметкерлері қолдауға мұқтаж. Ал жобалары қаржыландырусыз қалып жатыр. Депутат Бақытжан Базарбек Мәжіліс қабырғасында осылай деп мәселе көтерді. Ол институтты Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағынан шығарып, Ғылым және жоғары білім министрлігіне қайтару керек деп отыр. Осы мәселеге қатысты ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те пікір білдірді.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Толыққанды қаржыландыру да жоқ оларда салалық прициппен кеткенде. Сондықтан қайтарылса біз қарсы болмаймыз. Бірақ биыл үлкен нысаналы бағдарламалы грант беріп отырмыз сейсмология институтына. 3 жарым млрд теңге көлемінде. Бекітілді. Қазір олардың бүкіл заявкаларын біз пысықтап, министрлікпен бекітіп, келесі Үкімет жанындаңы жоғары техникалық комиссияның отырысына шығарып отырмыз.
Министр: оқу нысандарының негізгі құрылысына зақым келмеген
Сондай-ақ, Саясат Нұрбек Алматыдағы жер сілкінісінен кейін бүлінген оқу ғимараттары мен жатақханаларды өзіміз жөндейміз деді. Министрдің айтуынша, нысандардың негізгі құрылысына ешқандай зақым келмеген. Пайда болған жарықшалардан қауіп жоқ.