Елімізде жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеп келеді. Президенттің қабылдауында болған ішкі істер министрі Ержан Сәденов осылай деді. Атап айтқанда, ұрлық, тонау, қарақшылық, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық және көшеде жасалған қылмыстар айтарлықтай азайған.
Бұдан бөлек, Президентке ұйымдасқан қылмысқа, есірткі қылмысына, экстремизмге қарсы іс-қимыл жұмыстарының нәтижесі таныстырылды. Министр киберқылмысқа қарсы күрес жүргізетін дербес қызмет құрылатынын жеткізді.
Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі:
Президент тапсырмаларын орындау бойынша заң мен тәртіп қағидатын және құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік принциптерін қамтамасыз ету шаралары туралы, қылмасқа қарсы іс-қимыл, кезектен тыс аттестациялуға дайындық жөнінде баяндадым. Кездесудің қорытындысы бойынша Президент құқық тәртіптерін арттырып, қауіпсіздікті одан әрі күшейту бойынша бірқатар трапсырма берді.
Оңғар Алпысбай