Ақмола облысында «жалған» төтенше жағдайды жоюға 1,7 млрд теңге жұмсалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында «жалған» төтенше жағдайды жоюға 1,7 млрд теңге жұмсалған

06.03.2024

Ақмола облысында болмаған төтенше жағдайлардың салдарын жоюға 1,7 миллиард теңге жұмсалған. Мұны «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігі анықтады. Олардың мәліметінше, былтыр жергілікті атқарушы органдар арнайы тендер өткізбей, өздері қалаған мекемелермен 28 заңсыз шарт жасаған.

Осылайша, былықтың бетін ашқан мамандар былтыр шын мәнінде өңірде 5 мәрте ғана төтенше жағдай режимі енгізілгенін анықтады.

Ерлаз Жайықбаев, «Әділдік Жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры:

Біз төтенше жағдайлар департаменті мен жер қатынастары басқармасына арнайы сауал жолдадық. Осылайша, өткен жылы төрт ауданда бес рет төтенше жағдай режимі енгізілгені анықталды. Біз арнайы мониторинг жасап, жергілікті атқарушы органдардың он үш мекемемен миллиардтаған қаржыға заңсыз келісімшарт жасасқанын анықтадық. Қазіргі таңда бұл құжаттардың барлығын облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментке жіберілді.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу