Атырауда жолаушы автобус жүргізушісін соққыға жықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жолаушы автобус жүргізушісін соққыға жықты

06.03.2024

Атырауда жолақысын төлеуден бас тартқан жолаушы автобус жүргізушісін соққыға жықты. Бейнекөрністен №22 бағыттағы көлікте 47 жастағы жігіттің жүргізуші кабинасын ашып, бас-көзге қарамастан ұрып жатқанын көруге болады. Онымен қоса, бұзақы валидатор қондырғысын да сындырған.

Қазір жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мәселенің мән-жайы анықталып жатыр. 

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу