Жүсіпбек Аймауытұлының туғанына – 135 жыл. Мерейлі датаға орай, Астанада ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицистің өмір жолын бүгінгі ұрпаққа насихаттау, тағылымын тарату өте маңызды.
Өйткені Жүсіпбек Аймауытұлының әр туындысы патриоттық сезім, күрескерлік рухқа толы. «Ол поэзия, проза, драматургия, публицистика, сын жанрларында жаза отырып, қазақтың қамы мен қасіретін астарлап жеткізе білген қаламгер», - дейді зерттеушілер.
Жұмамұрат Кеңесұлы, тарих ғылымдарының кандидаты:
Бір ғана қыздың өмірбаянын жазып отырып, жалпы қоғамдағы қордаланған мәселелер, келеңсіздіктер, Ресей патшалығының қазақ жеріне басып кіруі, сол кездегі қазақ қызының тұрмыс-тіршілігі, бар болмысын бір ғана «Ақбілек» романына сыйғызу ол екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Қазақ әдебиетіне қосқан үлесі ұшан теңіз.
Оңғар Алпысбай