Солтүстік Қазақстанда 2 мыңға жуық екпенің жалған құжаты анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда 2 мыңға жуық екпенің жалған құжаты анықталды

06.03.2024

Петропавлдағы емханалардың бірінде «тұрғындарға қызылша мен сібір жарасына қарсы екпе салынды» деп жалған құжаттар толтырылған. Прокурорлық тексеріс кезінде медициналық препараттарды ұтымсыз пайдалану, жалған екпе салу және ресми құжаттарды бұрмалау деректері анықталды.

Денсаулық сақтау мекемесінің қоймасында қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакциналар сақталып келген. 1800 доза препараттың жалпы құны 7,8 млн теңге. Аталған деректерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Эльмира Каленова

Хабарламаларға жазылу