ШҚО-да 160 мың адам тұмауға шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да 160 мың адам тұмауға шалдыққан

05.03.2024

Шығыс Қазақстан облысында тұмауға шалдыққандар азаймай тұр. Қыс түскеннен бері 160 мың адам сырқаттанған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Жедел респираторлық вирустық инфекция әсіресе балалар арасында асқынып тұр. Соңғы екі аптада 90 мың бала тұмауға шалдыққан. Облыстық санитарлық қадағалау департаментінің ақпараты бойынша эпидемиологиялық кезең басталарда тұмауға қарсы 75 мың вакцина алыныпты. Екпе алдымен балаларға, диспансерлік есептегі азаматтар мен медицина қызметкерлеріне салынған.

Иван Мещеряков, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бас иммунологы:

Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметін ұйымдастыруға баса назар аударып отырмыз. Бұл суық тиіп, не тұмауратып келген адам-терапевт, педиатр сынды мамандардан жедел түрде көмек алады деген сөз. Демалыс күндері де жұмыс істейміз. Қазір қабылдау бөлімдеріндегі жұмыс қарбалас.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу