Көкшетау қаласының әкімдігі серіктестікпен 2,5 млрд теңгенің шартын заңсыз жасаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетау қаласының әкімдігі серіктестікпен 2,5 млрд теңгенің шартын заңсыз жасаған

05.03.2024

Көкшетау қаласының әкімдігі серіктестікпен 2,5 миллиард теңгеге заңсыз келісімшарт жасаған. Яғни, арнайы тендер жарияламай, конкурс өткізбей, өздері қалаған мекемемен келісімге отырған. Мұны қалалық прокуратура тексеріс барысында анықтады. Олардың мәліметінше, бұл қаражат көппәтерлі тұрғын үй салуға бөлінген. Ал мұндай заңсыздыққа жол бергендер жауапкершілікке тартылды.

Нұржан Сейтқазин, Көкшетау қаласы прокурорының орынбасары:

Прокуратура актісі негізінде сот шартты жарамсыз деп таныды, қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталды. Кінәлі лауазымды тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылды.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу