Стамбұлда жарылыстан екі адам өлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбұлда жарылыстан екі адам өлді

05.03.2024

Стамбұлда жанармай таситын көлікті жөндеу кезінде жарылыс болып, екі адам көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, автотұрақта тұрған цистернаға дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда жарылыс болған. Көлікті жөндеп жатқан дәнекерлеуші оқиға орнында көз жұмды. Ал жанында тұрған үш жұмысшының біреуі алған жарақаттарының кесірінен ауруханада қайтыс болған. Тағы екі адам тиісті ем-дом жүргізілген соң үйлеріне жіберілді.

Қазір екі адамның өліміне себеп болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қауіпсіздік ережелерін сақтамай, цистернаны жөндетпек болған үш адам қамауға алынды.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу