Құрылыс кодексіне сейсмикалық қауіпсіздік нормасы енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрылыс кодексіне сейсмикалық қауіпсіздік нормасы енгізілді

04.03.2024

Жаңадан әзірленіп жатқан құрылыс кодексіне сейсмикалық қауіпсіздік нормасы енгізілді. Енді зілзала қаупінде тұрған аймақтарда салынатын нысандарға, ғылыми зерттеу институттары тарапынан тексеріс жүргізу қарастырылған. Әсіресе, әлеуметтік нысандарға бақылау күшейтілмек. Әрі жер сілкінісінің алдын алу бойынша арнайы қауіпсіздік шаралары да енгізілген.

Ералы Шоқпаров, Қазақ құрылыс, сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының өндіріс жөніндегі директоры:

Мамандардың ақылдасуымен бүгінгі таңда құрылысы салынып қойған, мемлекеттік қордан беріліп жатқан шешімін күшейту мектептер, балабақшаларды айтып жатырмыз ғой. Олардың өздеріне тексеріс керек. Сейсмикалық күшейту жұмыстары жасалып, проект, жоба жасалынып бірақ олар сол проекттік жоба бойынша жасалынды ма, жасалынбады ма оны ешкім айта алмайды. Сол құрылысы салынып болған объектілерге объектіні тапсырмас бұрын сейсмикалық заключение қорытынды алу мәселесі де қарастырылған.

Сейсмикалық қауіпті аймақтарға салынатын құрылыстарға тосқауыл қою ұсынылды.

Мәжіліс депутаттары құрылыс кодексінде әлі де шикілік көп деп отыр. Мәселен, депутат Ерболат Саурықов, сейсмикалық қауіпті аймақтарға салынатын құрылыстарға тосқауыл қойып, мемлекеттік қадағалауды күшейту керек дейді. Қолданыстағы заң да солқылдақ. Талап бойынша 1 гектар жерге 400 тұрғын қоныстануы тиіс. Ал қазір зілзала қаупіндегі 50 нүктедегі кейбір мөлтек аудандарда млн-ға дейін адам тұрып жатыр, деді депутат.

Ерболат Саурықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Сейсмикалық қауіпті аймақтарға салынатын құрылыстарға тосқауыл қою керек. Бұған мемлекеттік қадағалауды күшейту керек.Шын мәнінде, егер 5 қабатты үйден жоғары қарай үй салынбауы керек деп, біз құрылыс кодексіне ұсыныс беретін болсақ, Президенттің жарлығынан кейін, 5 қабатты үйден жоғары үй салуды тоқтату керек мүлдем. Ал бізде заңға жыл сайын екі мәрте өзгеріс енгізеді де олар, 6-7 этаж жоғары көтеріп алып кете береді.

Хабарламаларға жазылу