Түркістан облысында теміржол өткелі қирады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында теміржол өткелі қирады

04.03.2024

Түркістан облысы Сайрам ауданы мен Шымкент қаласының шекарасындағы теміржол өткелінің бір жақ беті құлады. Бейнекөріністен тонельдің үстіңгі жағындағы банер және металл конструкциясы поездың салмағына шыдас бермей опырылғанын байқауға болады. Салдарынан облыстық маңыздағы күре жолдың бойында 40 минут бойына кептеліс болды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір жол аршылды.

Ғани Қалмаханов






Хабарламаларға жазылу