Оңтүстік Кореяда ереуіл жариялап, жұмысқа бармай жүрген 7 мыңдай дәрігер лицензиясыз қалады. Елдің денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі брифингте осылай деп мәлімдеді. Сот ісін бастау үшін ауруханаларда тексеріс жүреді. Үкімет шеруге шыққан дәрігерлерге мұның алдында ультиматум қойды.
Бұл шартқа сай, олар ақпанның 29 күні жұмысқа оралуға тиіс еді. Алайда наразылық акциясы тоқтамай жатыр. Шеруге үкіметтің саладағы студент санын 3 мыңнан 5 мыңға дейін көбейту туралы жоспары себеп болған. Биліктің мәлімдеуінше, қоғам қартайып бара жатқандықтан, дәрігер бұрынғыдан көп қажет. Ал демонстранттардың пікірінше, елде медицина қызметкері жеткілікті. Бірақ олардың жалақысын өсіріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту қажет.
Арай Төлегенқызы