Атырау облысында бірнеше күннен бері қамыс өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында бірнеше күннен бері қамыс өртеніп жатыр

04.03.2024

Атырау облысы Құрманғазы ауданында бірнеше күннен бері қамыс өртеніп жатыр. Өрт ошағы Каспий теңізіне жақын әрі айналасы қамыс, сулы-батпақты болуына байланысты көлік құралдары жете алмай отыр. 100 гектар аумақ күлге айналған. «Әзірге маңайдағы елдімекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді аудандық төтенше жағдайлар бөліміндегі қызметкерлер. От неден тұтанғаны белгісіз.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу