Польшада жүргізуші көлікпен адамдарды соғып, 19-ын жаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Польшада жүргізуші көлікпен адамдарды соғып, 19-ын жаралады

02.03.2024

Польшада жүргізуші көлікпен көпшілікті соғып, 19 адамды жаралады. Оқиға елдің солтүстігіндегі Щецин қаласында болған. Зардап шеккендердің ішінде 6 бала бар. Ал госпитальге түскендердің екеуі ауыр халде жатыр.
Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, оқиғадан кейін 33 жастағы ер адам тұтқындалды. Тергеудің алдын-ала қорытындысына қарағанда, ол алкогольдік ішімдік немесе есірткі қолданбаған.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, күдікті психиатриялық клиникаға емделуге жіберілді. Тағы бір айта кететін жайт, оның әрекеті «террористік акт» деп сипатталмаған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу