Елімізде бүгіннен бастап блогерлерге қатысты жаңа ереже күшіне енді. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, заң жобасы Қазақстанда қауіпсіз онлайн орта құруға бағытталған. Құжаттағы көрсетілген негізгі құқықтық тетіктердің бірі – желідегі жарнаманы таңбалау міндеттемесі. Яғни, блогерлер әлеуметтік желілерге орналастыратын жарнама материалдарын таңбалауға тиіс. Әлеуметтік жарнаманы және жедел хабар алмасу қызметтерінде орналастырылатын материалдарды белгілеудің қажеті жоқ.
Қуан Нұрақын