«Қаллеки» театры кезекті демалысына шықты. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының 25-ші маусымы «Абай» трагедиясымен жабылды.
Ұжым үшін бұл кезең табысты әрі тың жаңалықтарға толы болды. Осы уақыт аралығында жалпы 7 қойылым сахналанған. Көрермендерге «Қараш-Қараш», «Аққудың көз жасы», «Жұт», «Сара», «Есігімді қаққан кім?», «Шие» және «Сүрінген сүрбойдақ» премьералары тарту етілген.
Бұдан бөлек, өнер шаңырағы «Золотой Витязь» сынды байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленген.
Назым ҚАЙРАТ