Өзге өңірлермен салыстырғанда,шығыста таң ерте атып, күн ерте батады. Ал сағат тілін кері шегерудің мәнісін биотехнолог - Әмір Қуат жақсы біледі. Жас ғалым 13 жасынан бастап осы саланы зерттейді. Айтуынша мұның маңызы зор. Анығында Шығыс Қазақстанның көп бөлігі әуел бастан UTC+5 белдеуіне жатады. Маманнның пікірінше, бірыңғай белдеу әлемнің 175 мемлекетіне енізілген. Экономикалық тиімділігі әлдеқашан дәлелденген.
Әмір Қуат, биотехнолог:
Қазақстан қателеспесем 67 процент аумағы өзінің уақыт белдеуінде орналаспаған өкінішке орай UTC +6 жасанды қолдан жасанды түрде 67 процент территорияға созылып кеткен.Сондықтан жасалып жатқан жұмыс - адамдарға жергілікті тұратын адамдарға табиғи уақыт белдеуін қайтарып беру.
Жалпы Қазақстанда соңғы 100 жылда сағат тілі 12 рет ауысқан екен. Сөйтіп, 2000 жылға қарай тек екі белдеу қалған. Енді барлық өңір бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Сарапшылар тиімділігін дәлелдеп, бүге-шігесіне дейін түсіндіріп берді. Сондықтан уақыт белдеуінің өзгеруінен өскемендіктер тек жаңашылдық күтеді.