Қарызсыз қоғам: 15 мың қазақстандық қаржылық сауатын арттырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарызсыз қоғам: 15 мың қазақстандық қаржылық сауатын арттырды

01.03.2024

15 мың қазақстандық. Осыншама адам қарызға белшесінен батып, түрлі қиындыққа түскен. Шығар жол таба алмағандықтан «Аманат» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысқан. Барлығы қаржылық сауатын арттырып, арнайы курсты оқып шықты. Бүгін Астанада осы жобаға қатысқан 100-ден аса әйел бас қосты. Олар Алғыс айту күні және алдағы 8 наурыз мерекесі қарсаңында қарыздан құтылудың, отбасы табысын арттырудағы тәжірбиесімен бөлісті. Мәжіліс спикері, Аманат партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Президент ел азаматтарының шамадан тыс несие алуы мәселесіне бірнеше рет назар аударғанын атап өтті. Биыл еліміздің барлық өңірінде 200 мың адам қаражатқа жауапкершілікпен қарап, табысты арттырудың әдіс-тәсілін үйренеді.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «Amanat» партиясының төрағасы:

Партия атақ, даңқ үшін жасап отырған жоқ. Біз жағдайды жан дүниесмізбен сезінеміз. Отандастарымызға қол ұшын созуға әрекет жасап жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, өзінің жоладуында осы жобаны кеңейтуді тапсырды. Қарызсыз қоғам жобасын жадлпы халықтық деңгейге шщығарып жатырмыз.


Хабарламаларға жазылу