Әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот тындалымы 11-ші наурызға белгіленді. Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайды. Қуандық Бишімбаев Қылмыстық Кодекстің екі бірдей бабымен, яғни «Азаптау» және «Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру» баптарымен айыпталып отыр.