Экономикалық қылмыстың жазасы жеңілдеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экономикалық қылмыстың жазасы жеңілдеуі мүмкін

01.03.2024

Есепшінің кінәсі үшін кәсіпкер жапа шекпеуі керек. Яғни, бұған дейін есепшінің үстінен қылмыстық іс қозғалса, кесірі кәсіпкерге тиетін. Шоттары бұғатталатын. Кәсібі тоқтайтын. Енді есепшінің қате есеп-қисабы үшін кәсіпкердің бизнесіне кедергі келтірмеу қарастырылуда. Бүгін мәжіліс депутаттары экономикалық қылмысқа қатысты бірнеше бапты жеңілдету бойынша жаңа ұсыныстарды қарады. Яғни, экономикалық қылмыстардың жазасын жеңілдеуі мүмкін. Бірнеше бап әкімшілік жауапкершілікке ауыстырылмақ. Дегенмен мәжіліс депутаттарының басым бөлігі талқылаған заң мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағандарға қатысты болды. Яғни, бұл жерде қылмыстық жазаға тарту деген баптың шикі екенін сынға алды. Мұнай өнімдері дегеніміз – қарапайым солярка, керосин, бензин. Оны тасымалдаушылар тиісті құжаттарын ұсынбаса бірден қылмыстық жазаға тартылуда. Бірақ, нақты қандай құжат керек екені заңда да көрсетілмеген дейді, депутаттар. Сондықтан, 197 бапты мүлдем қылмыстық кодекстен алып тастау ұсынылды.

Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

197 бап дегенміз не? Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау барысында тиісті құжаттардың қолында болмауы. Ал тиісті қандай құжаттар болуы керек екендігі бірде бір заңда көрсетілмеген. Қазір жекелеген депутаттар тарапынан осыны толығымен қылмыстық кодекстен алып тастау туралы мәселе көтеріліп жатыр. 


Хабарламаларға жазылу