Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады

29.02.2024

Париж Олимпиадасында елеулі нәтижеге қол жеткізу үшін тиімді жүйе құру маңызды міндет. Спортшыларға барынша қолайлы жағдай жасап, отандық спорттың өркендеуіне кері әсер ететін жағымсыз құбылыстарды жою қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинге осындай тапсырма жүктеді. Лицензиялар санын көбейту қажеттігі де айтылды. Тағы бір маңызды мәселе. Ұлттық құрамаға спортшыларды іріктеу әділ жүру керек. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің кәсібилігі мен мол тәжірибесі еліміздегі олимпиадалық спорт түрлеріндегі мәселелерді тиімді шешуге ықпал ететініне сенім білдірді. 

Хабарламаларға жазылу