Енді «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» экономиканы қаржыландыру кезінде отандық өндірушілерге басымдық береді. Үкімет басшысы Олжас Бектенов директорлар кеңесінің отырысын өткізіп, осындай тапсырма берді. Былтыр холдинг шикізаттық емес сектордағы компанияларға 2,8 трлн теңгенің қолдауын көрсеткен. Қаржы көлемі жыл сайын өсіп келеді. «Мемлекеттен көмек алған кәсіпкерлер қазір импорттап отырған тауарлардың өндірісін жолға қою, қызметкерлердің жалақысын арттыру, қосалқы мердігерлер немесе жеткізушілер ретінде отандық кәсіпорындарды тарту сияқты міндеттемелерді өзіне алуы тиіс», - деді Олжас Бектенов.