Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты түпкілікті сот үкімі шықты. Сот үкімімен экс-министр 11 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды. Оған «Алтын адамның шеруі» көрмесін өткізу кезінде ұрлық жасады және билігін асыра пайдаланды, Астанадағы «Дипломат» қонақ үйін сатып алуға қатысты рейдерлік әрекет жасады деген айып тағылды.