Ертең Алғыс айту күні. Осыған орай басталған «Арайлы Атамекенім» республикалық челленджін әлеуметтік желіде қолдаушылар көбейіп келеді. Түрлі сала өкілдері туған жерге деген сүйіспеншіліктерін жеткізіп, дәстүрлері мен құндылықтары туралы пікір жазып, алғыс білдіріп жатыр.
Шараға кез келген адам қатыса алады. Ол үшін Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындап, #АрайлыАтамекенім хэштегін белгілеп, әлеуметтік желіде жариялау қажет. Одан әрі эстафетаны достарыңыз бен оқырмандарыңызға жолдауға болады. Челлендж 3 наурызға дейін жалғасады.