АҚШ-тың Техас штатының 60 округінде төтенше жағдай жарияланды. Өңірде орман өрті дес бермей жатыр. Сонымен бірге от көршілес Оклахоманы да шарпыған. Соңғы мәліметтерге сай, жалын 344 мың гектар орман алқабын күлге айналдырды.
Ал тілсіз жау әлі бақылауға алынған жоқ. Күшті жел, жылы және құрғақ ауа райы өрттің тез тарауына себеп болып отыр. Рейтердің мәліметінше, бұл - АҚШ тарихындағы екінші ірі өрт.
Арай Төлеген