Көкшетауда бүйрегін сатпақ болған ер адам сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда бүйрегін сатпақ болған ер адам сотталды

29.02.2024

Көкшетау қаласында өз бүйрегін сатпақ болған ер адам шартты түрде 1 жыл 6 айға сотталды. Еске салайық, ол осыдан бір ай бұрын ағзасын 18 мың АҚШ долларына бағалап, әлеуметтік желіге хабарландыру берген.

Мұны көрген полицейлер жедел әрекетке көшіп, сотталушыны ақша беріп жатқан сәтте ұстады. Тергеу барысында оның Ақтөбе қаласының тумасы екені, бірақ Астанада тұратыны анықталды.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу