Сиань қаласындағы портта Қазақстан терминалының ашылуы еліміздің логистикалық әлеуетін арттырып, транзиттік хабқа айналуына мүмкіндік береді. Сарапшылардың айтуынша, бұл екі ел арасындағы үлкен жетістік. Өйткені ауқымды жоба қос тарап үшін де өте тиімді. Сауда көлемі артып, тасымал уақыты қысқарады. Әрі инвесторлардың елімізге деген қызығушылығын арттыра түседі дейді. Өйткені ірі нарыққа тікелей жол ашылып отыр. Бұдан бөлек, жаңа терминал Қазақстанның ғана емес, Орталық Азиядағы елдердің де логистикалық әлеуетін арттырады. Өйткені еліміз арқылы тауарын Еуропаға экспорттай алады.
Қазыбек Майгелдинов, «Қытайды зерттеушілер қауымдастығы» ҚҚ төрағасы:
Сондықтан бүгінгі күнге дейін мысалы Қорғастағы құрғақ порттың болуы, одан кейін мына Аягөз-Қалжат теміржолының қосылуы мұның барлығы еліміздің Орта дәлізді дамытудағы рөлі. Өйткені Қазақстан осы Транскаспий бағытын жүзеге асыру арқылы Қытайдан Еуропаға шығатын жолға өзі қосылады. Одан бөлек еліміздің экспорттық әлеуеті де артады деп күтіліп отыр.