Алматыда мектеп директоры жұмысынан қуылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мектеп директоры жұмысынан қуылды

28.02.2024

Алматыда киім ауыстыру бөлмесінде оқушылары бірін-бірін таптаған нөмірі 41 мектеп директоры жұмысынан қуылды. Келеңсіз жағдай 27 ақпан күні екінші ауысымнан кейін болған. Киім ауыстыру кестесінің дұрыс ұйымдастырылмауынан оқушылар жаппай сығылысып қалған. Ресми мәліметтерге сүйсенсек, зардап шеккендер жоқ. Айта кету керек, 870 орынға шақталған мектепте қазір 1500-ге жуық оқушы білім алады.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу