Қызылорда облысы Сырдария ауданының Бесарық ауылында құс фабрикасы отқа оранды. Қызыл жалыннан жеке шаруашылықтың 4 мың бөденесі түгелдей өртеніп кетті. Оқыс оқиға бүгін таңата болған. Өрт бір қабатты ғимараттың шатырынан тұтанып, өрт сөндірушілер жетем дегенше құс фабрикасын тұтас шарпыған. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.
Әділбек Серікұлы