Бразилияның батысында өткен аптадан бері жауған жаңбырдан Акри штатындағы өзен арнасынан асып, Бразилия қаласын толықтай су басты. Оған апаратын жалғыз көпір жабылған. Осы аймақтағы 22 қаланың 17-де төтенше жағдай жарияланып отыр.
Соңғы мәліметке қарағанда, үйлерінен айырылғандар мен эвакуацияланғандар саны 11 мыңнан асып кеткен. Жергілікті үкімет баспанасыз қалғандарға азық-түлік жөнелтіп, топан су жайлаған елдімекендерде құтқару операцияларын жүргізіп жатыр. Әзірге құрбандар туралы хабар түскен жоқ.
Арыстан Рысбек