Қазақстандық оқушылар АҚШ-та «Flex» бағдарламасы арқылы білім алып жатыр. Бұл жоба қазіргі таңда сәтті жүзге асуда. Америкалық оқытушылар қазақ шәкірттерінің қарым-қабілетін және білімін жоғары бағалап отыр.
Арман 15 жаста. Алматыда туып-өскен. Қазір Мэриленд штатында мектепте жоғары сыныпта оқып жатыр. Ол бастауыш сыныптан өзге тілдерді меңгеруге асық. Арнайы курстарға жазылып, білімін жетілдіріп жүргенде «Flex» бағдарламасы туралы білген. Сосын үш кезеңнен тұратын конкурстан өтіп, арманына жетті.
Арман:
Негізінен мен өмірімде мектеп ауыстырып көрмегенмін. Сондықтан мында келгенде өмірімді жаңадан бастаған сияқты болдым. Бұл мектепте үш мыңнан көп оқушы оқиды. Мен негізі кішкентай кезімнен шетелде оқуға қызыққанмын. Сондықтан шетелде сыныптар бөлінеді деген ақпаратты білдім. Бастапқы, орта, жоғары болып. Сондықтан оған үйренісу қиын болған жоқ.
«Flex» бағдарламасы арқылы он жылдың ішінде мыңға жуық қаракөз Америка мектептерінде оқыды. Сондай-ақ қазақ жастары өздерінің қабілеттерін танытып, мұғалімдердің оң бағасын алып жатыр.
Мұғалім:
Арман менің ең жақсы студенттерімнің бірі. Жалпы, Қазақстаннан келген жастардан бақылағаным олар өзге тілді, мәдениетті, құндылықтарды білуге, үйренуге асық. Сондай-ақ бейімделу жағынан жақсы. Қиындықтарға мойынсұнбай, одан әрі өздерін қайрап, ізденісті тоқтатпайды. Мұндай қасиетке ие жастар үлкен жетістіктерге жетеріне сенімдімін.
Жалпы, жиырма жыл бұрын іске қосылған Flex бағдарламасы арқылы АҚШ үкіметі өз азаматтарын тек үш елге Польша, Грузия және Қазақстанға ғана жіберіп отыр. Биылдың өзінде бес оқушысы біздің елде білім алды. Десе де, бұл стипендиялық бағдарламаның мүмкіндігін қазақ жастары тиімді пайдаланып келеді. Биылдың өзінде 96 қазақстандық оқушы АҚШ-та тегін білім алып жатыр. Бұл екі ел арасындағы жан-жақты байланыстың артып жатқанын тағы бір мәрте көрсетеді.
Жалғас Сәдібекұлы