Қарағанды облысында құс фабрикасы бола тұра, жұмыртқа қымбат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында құс фабрикасы бола тұра, жұмыртқа қымбат

27.02.2024

Төрт бірдей ірі құс фабрикасы бола тұра, Қарағанды облысында жұмыртқа қымбаттаған. Өткен жылы орташа есеппен 10 дана жұмыртқа 450 теңге болса, қазір кей жерлерде 520 теңгеден саудаланып жатыр. Ал мамандар болса, жұмыртқаға берілетін субсидияның тоқтауы және көршілес елдерден сұраныстың артуы қымбатшылыққа әкеп соқтырды деп ақталып отыр. Былтырға дейін әр жұмыртқаға 3 теңгеден субсидия төленіп келген. Бағаны шарықтатқан кәсіпкерлерге айыппұл салынған. Қазір, бағаны тұрақтандыру үшін апта сайын сауда орындарына арзандатылған 1-сұрыпты жұмыртқа жеткізіліп жатыр. Ал әлеуметтік маңызы бар ұн, қарақұмық, қант, сұйықмай бағасы 1-2 пайызға арзандаған.


Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу