Астана халықаралық әуежайының коммутациялық жүйесінен шыққан өрт толық сөндірілді. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, №2 серверлік терминалда электр кабельдері жанған. Өрт 10-15 шаршы метрге тараған. Оқыс оқиғаға байланысты 18 рейс уақытынан кешікті. Әуежайдың баспасөз қызметі қазір ішкі рейстер ұшатын Т2 терминалы қолданысқа беріліп, жолаушыларды рейске тіркеу ашылғанын хабарлады.
Сондай-ақ халықаралық рейстер терминалын іске қосу жұмыстары жалғасып жатыр, деді. Еске сала кетейік, таңертең сағат 7:50-де 112 нөміріне халықаралық әуежайдың №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяны қатты түтін басып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт кезінде әуежайдағы барлық жолаушылар эвакуацияланған.
Асылбек Данияр