Құмар ойынға қарсы кешенді жоспар әзірленіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құмар ойынға қарсы кешенді жоспар әзірленіп жатыр

26.02.2024

Лудомания еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіре бастады. Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысын өткізген Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деді. Қазір лудомания мен ойын бизнесіне қарсы жоспар әзірленіп жатыр. Оған барлық министрлік құмар ойынға қарсы күрес туралы өз ұсынысын айтуы қажет. Кейін олар іріктеліп, Үкімет деңгейіндегі жоспар түзіледі.

Мемлекеттік кеңесші жиынды қорытындылай келе еліміздегі реформалардың ұрпақ болашағы үшін жасалып жатқанын және жастар қазірдің өзінде елдегі өзгерістердің бел ортасында жүргенін атап өтті.

Сондай-ақ, Ерлан Қарин кеңес қабырғасында жастар мәселесі көтеріліп қана қоймай, сол мәселелер шешіліп жатқанына назар аударды.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

Осы кешенді аяғына дейін толық аяқтауды тапсырамын. Бұл жұмыс біздің бақылауымызда бола береді. Құжат қабылданғаннан кейін біз сіздермен ол құжат қалай жұмыс істеп жатыр? Ол қалай орындалып жатыр? Бұл біздің соңғы кездесуіміз болмайды. Біз сіздермен тұрақты түрде кездесіп тұратын боламыз. Сондықтан бұл құжаттың қабылдануын біз өз бақылауымызға аламыз.


Хабарламаларға жазылу