Мемлекет басшысы Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті

26.02.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне қоңырау шалып, 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Режеп Тайып Ердоғанның көреген саясаты мен қажырлы еңбегінің арқасында бауырлас елдің одан әрі қарқынды дамып, халықаралық қоғамдастықтағы беделі арта түсетініне сенім білдірді. 

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы серіктестікті кеңейтуге баса мән беріп, стратегиялық ынтымақтастықты өркендету жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар тараптар Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығы кезіндегі күн тәртібінің жүзеге асырылу барысын талқылады. 

Хабарламаларға жазылу