АҚШ-тың Ресейге салған кезекті ауқымды санкциясы қалыптасқан жағдайды өзгерте алмайды. Америкалық сарапшылардың пікірі осындай. Себебі, бұл жолғы шара үшінші елдердің кәсіпкерлерімен тікелей байланысты. Сондықтан оның соғыс алаңындағы аухалға әсері елеулі болмауы мүмкін дейді Маккейн институтының атқарушы директоры Эвелин Фаркас. АҚШ бірер күн бұрын Ресеймен байланысы бар 500-ге тарта адам мен фирмаларға қарсы санкция енгізген еді.Алайда, бұл жолғы шара тек өзге елдерге ескерту іспетті болмақ дейді сарапшы.
Эвелин Фаркас - Маккейн институтының атқарушы директоры:
Санкциялар үшінші елдердегі жеке тұлғалар мен компанияларға бағытталған. Мысалы, Қытай мен Сербиядағы мекемелер қара тізімге ілінді. Сондықтан бұл басқа халықаралық субъектілерге Ресейге санкциядан жалтаруға көмектескені үшін тиісті шара барын аңғарту саналады.
Жалғас Сәдібекұлы