«Майқайыңалтын» кен байыту комбинатының жұмыскерлеріне сәуірдің 1-не дейін еңбекақыларының 50 пайызы төленеді. Ол үшін жұмыс беруші ай сайын 195 млн теңге бөледі, - деді Павлодар облысына барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.
Қазір кәсіпорын жұмысы тоқтап тұр. Ал бірінші сәуірден кейін жағдайдың қалай болары белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 3-нен 4-не қараған түні комбинат аумағында жер опырылып, ішінде 4 адамы бар автобус апатқа ұшырады. Екі құтқарушының денесі сыртқа шығарылды, тағы екеуі әлі іздестіріліп жатыр.