Ұлттық банк базалық мөлшерлемені азайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені азайтты

23.02.2024

Қаңтарда жылдық инфляция біршама азайып, базалық мөлшерлеме 14,75 %-ке төмендеді. Оған дейін ол 15,25% болған. Ұлттық Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр қаңтарда инфляция 20%-ке жетсе, осы жылдың басында 9,5%-ке түскен. Бұған – жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясаты, жаһандық инфляциялық қысымның және өндіріс шығысының азаюы, логистикалық тауар жеткізу жолдарының біртіндеп қалпына келуі мен биліктің инфляцияға қарсы шаралары ықпал еткен.

«Баға өсімінің бәсеңдеу үдерісі жаһандық деңгейде байқалады», - дейді мамандар. Жалпы, болжам бойынша биыл инфляция көрсеткіші 7,5-9,5% аралығында болмақ.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу