Прокурор А.Мұхамедиұлын 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Прокурор А.Мұхамедиұлын 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

23.02.2024

Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Астанада Ұлттық музейдің экс-басшысына қатысты сот процессі өтіп жатыр. Мемлекеттік айыптаушы, күдіктіні 12 жылға соттаумен қатар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруды сұрады. Айыптау актісіне сәйкес, Арыстанбек Мұхамедиұлы қылмыстық жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтеуі мүмкін. Экс-басшы қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпталып отыр. Оның ішінде қылмысты ұйымдастыру, бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру, өкілеттігін асыра пайдалану әрекеттері бар.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу