Рио-де-Жанейроны су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рио-де-Жанейроны су басты

23.02.2024

Бразилияның Рио-де-Жанейро штатын су басты. Тасқынның жүруіне үздіксіз нөсер себеп болған. Қала көшелері өзенге айналды. Ауа райының қолайсыздығынан апта ортасында мұндағы бірқатар ауданда 8 адамның өлімі тіркелген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жыл сайын қаңтар-ақпан айларында күшті нөсер жауады. Алайда биыл жаңбыр толассыз құйып, алапат тасқынға ұласқан.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу