ДДСҰ: Әлем жұртының жартысынан астамына қызылша қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ: Әлем жұртының жартысынан астамына қызылша қаупі бар

23.02.2024

Жыл соңына дейін әлем тұрғындарының жартысынан астамына қызылшадан үлкен қауіп төніп тұр. Бұл індеттің өршуіне жол бермеу мақсатында шұғыл шаралар қабылдануы керек. Женевада өткен баспасөз маслихатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері осылай мәлімдеді. Олардың сөзінше, қызылшаның белең алуына коронавирус пандемиясы кезінде, инфекцияға қарсы екпе салу жұмыстарының тоқтап қалуы себеп. Бұл вирусқа қарсы салынған екі дозалы вакцина 2000 жылдан бері 50 миллионнан астам адамды өлімнен құтқарған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу