Қарағанды облысында қаңтар айының басынан бері 51 адам коронавирус жұқтырған. Соның 32-сі осы ақпанда тіркелген. Алайда, бұл өткен жылдың бастапқы екі айымен салыстырғанда 10 есеге төмен. Былтыр қаңтар,ақпан айларында коронавирус жұқтырғандар саны 600-ден асып кеткен еді.
Қазір ел арасында инфекцияның 2 штамы жүріп жатыр. Олардың қаншалықты қауіпті екені белгісіз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, соңғы аптада әлемде 360 000 адам ауырып, 2000-ы қайтыс болған. «Сондықтан сақтанған жөн», - дейді мамандар.
Жанна Рәшитова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
Жаңа штамдардың қаншалықты қауіпті екені белгісіз. Аурудың белгілері жедел респираторлық-вирустық инфекцияның белгілеріне тән. Тұмау сияқты басқа инфекцияларға ұқсас. Сондықтан диагнозды дәл анықтау үшін сіздерде тек зертханалық тексеру арқылы дәл анықтауға мүмкіндік болады.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында коронавирус жұқтырғандар көбейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/189641/)