Қазақ-татар қатынасының тарихы терең. «Біз әрдайым бауырлас елге қолдау көрсетуге дайынбыз». Татарстан раисы Рустам Минниханов арнамызға берген сұхбатында осылай деді. Татар басшысы достық негізде құрылған қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын жеткізді. Индира Бегайдар тарқатады.
Қазақстан - Татарстан республикасы үшін стратегиялық серіктес. Еліміздің өңірлерімен көптеген келісімдер жасалған. Екі тараптың ынтымақтастығы да қарқынды дамып келеді.
Рустам Минниханов, Татарстан республикасының раисы:
Біздің бауырлас елден үйренеміз көп. Көптеген жылдар бойы қарым-қатынас үзілген емес. Айта кететіні, Қазақстанда тұратын татар ұлтының өкілдері өз Отанын ерекше қастерлейді. Себебі, сіздердің елде барлық ұлттарға, конфессияларға жағдай жасалған. Біз қазақ баурыларымыздың барлық жетістіктеріне қуанамыз, қиын сәттерде бірге мұңаямыз. Сондықтан бауырлас мемлекет Қазақстан өркендей берсін деп тілеймін.
Бүгінде Татарстанда 1500-ға жуық қазақстандық студент оқиды. Сонымен қатар республикада 1992 жылы құрылған қазақ-ұлттық мәдени автономиясы жұмысын жалғастыруда. Мыңдаған адамның басын біріктірген ұйым қазақтың тілін, дәстүрін насихаттайды
Ирек Шарипов, Татарстандағы достық үйінің директоры:
Қазақ қоғамы – Татарстан халықтары ассамблеясын құрушылардың бірі. Қандай мәселе болса, бірлесіп шешеміз. Жалпы, біз Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың басын біріктірген үздік модельден үлгі аламыз. Кейін сондай ұйымды елімізде аштық.