Орталық Азия елдері төтенше жағдайдың алдын алуда ортақ платформа әзірлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия елдері төтенше жағдайдың алдын алуда ортақ платформа әзірлейді

22.02.2024

Орталық Азия елдері төтенше жағдайларды алдын ала хабарлайтын ортақ платформа құрмақ. Бұл туралы Ташкентте өткен климаттың өзгеруін басқару жөніндегі семинарда айтылды. Жиынға Орталық Азия елдерінің жауапты министрлік өкілдері, сарапшылар мен халықаралық экологтар қатысты. Арасында қазақстандық мамандар да бар. Басқосуда талқыланған негізгі мәселе жер сілкінісі, сел жүру мен лай көшкіні секілді апатты жағдайлардың алдын алу. Осы мақсатта жұмыс істейтін бақылау орталықтарының жүйесін жетілдіру. Шекаралас орналасқан 5 мемлекетте төтенше жағдайды алдын ала хабарлау жүйесін интеграциялау жұмыстары қолға алынбақ. Өйткені бір белдеуде орналасқан елдерде климаттық өзгерістер де ортақ.

Серік Әубәкіров, ОА елдері бойынша төтенше жағдай мен апат тәуекелдерін төмендету орталығының директоры:

Эпицентрі басқа елде болғанымен, салдары көрші мемлекеттерде сезілуі мүмкін жер сілкінісі сияқты қауіптер бар. Бізге ақпараттық жүйелерді автоматтандыру маңызды. Мобильді қосымшалар арқылы жедел хабардар етуді пысықтап жатырмыз. Әр елдің ұлттық бақылау жүйелерін біріктіріп, төтенше жағдай туралы ақпарат алмасу үшін ортақ платформа әзірлейміз.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу