Елімізде экономикалық салым бойынша сауда саласы екінші орында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде экономикалық салым бойынша сауда саласы екінші орында тұр

22.02.2024

Елімізде экономикалық салым бойынша сауда саласы екінші орында тұр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша сауда саласына бизнес субъектілерінің 36%-ы тартылып, 1,5 млн адам жұмыспен қамтылды. Министрдің сөзінше саудамен айналысатын азаматтардың орташа айлық табысы 309 993 теңгені құрады. Саудаға салынған инвестициялар көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 23,6%-ға өсіп, ішкі тауар айналымы 2023 жылы 20,3%-ға артқан.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу