Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Нұр Жолы» кеден бекеті тәуліктік жұмыс кестесіне ауысты. Мұндай тәуекел екі ел арасындағы жүк айналымын едәуір еселейді деп күтілуде. Өткен жылы кеденшілер көрші мемлекеттен 179 мыңнан астам көлік қабылдаса, сәйкесінше Қазақстаннан Қытайға 71 мың көлік жөнелткен. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 61 пайызға өскен. Нәтижесінде былтыр бюджетке 134 млрд теңге көлемінде кедендік баж салығы түсті.
Серік Нәукенов, «Нұр Жолы» кеден бекетінің бас маманы:
2024 жылға қойылып отырған меже тәулігіне 1600-ге жеткізу. Қытайдан 1600-ге жуық көлік пен тауарларды қабылдауға. Егер ол межеге жететін болсақ сонымен қатар бюджетке түсетін кедендік алым-салымдар да көбейеді. Салмағы жағынан да жүктің өтуі көбейеді.
Қуаныш Қанатұлы